Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді

SİYASET

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді

2023 жылғы

Жетісу облысы, Қаратал ауданы

 

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген.

 

 

 

Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.

 

 

 

Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.

 

 

 

Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.

 

 

 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-karatal-tarihi-olketanu-muzeyin-aralap-kordi-279931