Мемлекет басшысы Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрында зиялы қауым өкілдерімен кездесті

DÜNYA

 

 

 

Жаңалықтар
Жұмыс сапарлары
Мемлекет басшысы Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрында зиялы қауым өкілдерімен кездесті
2023 жылғы
СҚО, Петропавл қаласы

 

 

 

Президент Солтүстік Қазақстан облысының орталығында жаңадан бой көтерген Қазақ сазды-драма театрының ғимаратын аралап көрді.

Осы шығармашылық ұжымда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан театр директоры Біржан Жалғасбаев өнер ордасының ұжымы бертінге дейін «Энергетиктер сарайын» паналағанын, осы жылдар ішінде түрлі жанрда қойылымдар сахналап, халықаралық, республикалық байқауларда жүлде алғанын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа ғимаратқа көшкен ұжым репертуарын жаңартуға, шетелдік және отандық өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

 

 

 

Президент «Мағжан» пьесасынан үзінді тамашалап, театрды аралады. Содан кейін Қызылжар өлкесінің зиялы қауым өкілдерімен және қоғам белсенділерімен әңгімелесті.

– Бірлігіміз – әралуандықта. Бұл – біздің ең басты ұранымыз әрі ұстанымымыз. Қазақ болсын, басқа ұлт болсын – бәріміз бір халықпыз. Сондықтан бәріміз халқымыздың, еліміздің өркендеуіне қызмет етуіміз керек. Баршаңызға бақ-береке тілеймін. Біз әрдайым бірге боламыз. Алға қадам басу үшін ауызбіршілігімізді, достығымыз бен тұрақтылығымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Әрине, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық сипаттағы мәселелер бар. Проблемасыз ел болмайды. Тіпті, ең дамыған, бақуатты елдерде де проблема бар. Егер елде тәртіп болса, заң қатаң сақталса, көздеген нәтижеге қол жеткіземіз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент қоғам белсенділерімен елдің дамуы және өскелең ұрпақ тәрбиесі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын жоғары деңгейде атап өту қажет екенін айтты.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-sabit-mukanov-atyndagy-kazak-sazdy-drama-teatrynda-ziyaly-kauym-okilderimen-kezdesti-2945818