Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады

DÜNYA

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады

2024 жылғы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

 

 

 

 

– Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-tamash-shuyokty-kuttyktady-2813426