Мемлекет басшысы Дубайда өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі

    Мемлекет басшысы Дубайда өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі <a href="https://t.
Мемлекет басшысы Дубайда өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі
Yayın: 02 Aralık 2023 DÜNYA Google News

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Дубайда өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі

2023 жылғы

БАӘ, Дубай қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруіне қатысты БҰҰ-ның Дубайдағы конференциясы аясында өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі.

 

 

 

 

Қазақстан Президенті бүгінде жер шарындағы халықтың тең жартысы климаттың өзгеруі жоғары дәрежеде әсер ететін өңірлерде өмір сүріп жатқанын атап өтті.

– Шағын аралдардағы мемлекеттерге, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы және дамуы кенжелеп қалған елдерге зор қауіп төніп тұр. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық және энергетикалық қауіпсіздіктің болмауы климат мәселесіне назар аударуды қиындатып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Қазақстанның болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөніндегі БҰҰ-ның үндеуін қолдайтынын, сондай-ақ Париж келісімін ратификациялаған аймақтағы бірінші ел екенін және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдағанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанның жаңа Экология кодексі ұлттық экономикамыздың әрбір секторында «жасыл» технологияларды кеңінен қолдануға ықпал етеді.

 

 

 

– Елімізде жел мен күн энергиясын пайдалану, сондай-ақ «жасыл» сутегін өндіру үшін зор әлеует бар. Біз осы мүмкіндікті пайдалану мақсатында серіктестерімізбен арадағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз. Қазақстан – уран экспорттайтын әлемдегі жетекші мемлекет. Бұл ретте еліміз дүниежүзі бойынша уранның 43 пайыз тасымалын қамтамасыз етеді. Біз жаһандық деңгейде электр энергиясын көміртегі қалдықтарынсыз өндіру ісінде шешуші рөл атқарамыз, – деді Президент.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, алдағы онжылдықта аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін минералдар, шын мәнінде, әлемді декарбонизациялау деңгейі бойынша баға жетпес ресурсқа айналады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өтпелі кезеңде Қазақстан аталған минералдардың негізгі жеткізушісі болуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ еліміз жекелеген «жасыл» бастамаларды белсенді түрде қолдайтынын атап өтіп, пластикалық қалдықтардан құтылу жөніндегі жобаларды жүзеге асыратын Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығын мысалға келтірді. Бұл кәсіпорын осылайша экологияны қорғауға өз үлесін қосып отыр.

Президент метан қалдықтарын азайту жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсіл екенін еске салды. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға қатысты еліміздің шешімі туралы айтты.

 

 

 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның аймақтағы көмір проблемасын Әділетті энергетикалық жүйеге көшу жөніндегі серіктестік бағдарламасын (JETP) іске асыру арқылы шешуге ұмтылыс жасап отырғанын атап өтіп, елімізге қолдау көрсетуге шақырды.

 

 

 

– Кеңірек айтқанда, халықаралық қоғамдастық климат бағытындағы бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға қатысты өз міндеттемелерін күшейтеді деп үміттенеміз. Бірақ қаржыландыру – тек кедергілердің басы ғана. 2050 жылға қарай жаһандық температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуін шектей алғанымызбен, Орталық Азия елдері бәрібір температураның 2,5 градусқа дейін жоғарылау мәселесімен бетпе-бет келеді. Бұл су тапшылығына, қатты ыстыққа, шөлге және экстремальды гидрологиялық құбылыстарға әкеп соқтырады, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік қоғамдастықты Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырды.

 

 

 

– Қазақстан келесі жылы Қорға төрағалық етеді және осы мәселені шешу үшін барлық серіктесті жұмылдыруға үміттенеді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас Ассамблеясының келесі сессиясы шеңберінде «Біртұтас су» атты бірінші тақырыптық саммит өтеді. Біз Франциямен бірге аталған жиынға тең төраға болатынымызға қуаныштымыз. Биылғы COP28 саммитінің табысты өткенін ескере отырып, барлық қатысушы мемлекетті 2024 жылдың маусым айында ұйымдастырылатын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырамын. Форум климатқа қатысты осы өткір мәселелер бойынша мақсатты ынтымақтастықты СОР29-ға дейін жалғастыру үшін диалог алаңы бола алады. Орталық Азиядағы климатқа қатысты іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында біз БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізуге шешім қабылдадық, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, климат жөніндегі төтенше жағдай жаһандық дағдарыс екенін, оның әлемдік деңгейдегі жауапкершілікті талап ететінін айтты. Президенттің пікірінше, ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шешуге болады.

 

 

 

Сонымен қатар саммитте 40-тан астам мемлекеттің басшылары, халықаралық және аймақтық ұйымдардың жетекшілері сөз сөйледі.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-dubayda-otken-klimat-zhonindegi-duniezhuzilik-sammitte-soz-soyledi-1114729

 

 

 

 

Son Güncelleme: 02 Aralık 2023